7 өңірде ескерту жарияланды
7 өңірде ескерту жарияланды
5,121
оқылды
«Қазгидромет» РМК 30 қаңтарда ауа райының бұзылына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Ақмола облысының кей жерлерінде сондай-ақ тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 16 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, қөктайғақ күтіледі. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ 2 ақпанға дейін Жамбыл облысында тұман болжанады. 1-2 ақпанда кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 30 қаңтар - 1 ақпан аралығында желдің екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.