Сарыағашта 300 адамға той жасалған
Сарыағашта 300 адамға той жасалған
193
оқылды
Түркістан облысы Сарыағаш қаласында орналасқан тойхана шектеу шаралары енгізілгеннен бастап бірнеше рет той-жиын өткізіп, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларын өрескел бұзғаны анықталды. 2021 жылдың 28 қаңтар күні мобильді мониторингтік топтар тарапынан жасалған жоспардан тыс тексеру барысында сағат 15:30 шамасында 300 адамға үйлену тойы өткізіліп жатқаны анықталды. Қонақ үй иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалып, 230 АЕК көлемінде айппұл салынды. Қазіргі уақытта Сарыағаш қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері аталған тойхананың жұмысын тоқтату бойынша экономикалық сотқа талап арыз дайындауда.