Сенат төрағасы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Сенат төрағасы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, – деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

«Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді Д.Назарбаева.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетіп, Алматы маңында құлады.

Кейіннен 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.
Қайғылы оқиғаға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев көңіл айтты.