Белсенді азаматтар марапатталды
Белсенді азаматтар марапатталды
166
оқылды

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыс­тық филиалында партия­ның сай­лауал­ды штабында белсен­ділік танытқан өңір азамат­та­ры партия төра­ғасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ал­ғыс­ха­тымен марапаттал­ды. Ма­рапаттау рәсімі Қа­зақстан­ның Әнұранымен бас­тал­ды.

Салтанатты жиынды ашқан «Nur Otan» партиясының об­лыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков осы жолғы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлаушылардың партияға деген сенімі арта түскені анық бай­қалғанын атап өтті. – Бұл жолғы сайлау бұрын­ғылардан мүлде өзгеше фор­матта өтті. Әлеуметтік желінің мүмкін­діктерін барынша пай­далана алдық деп есептеймін. Еліміздегі үлкен саяси науқан өткен жылдың 21 қазанынан басталып, 2021 жылдың 10 қаң­тарында мәресіне жетті. Шы­ғыс Қазақстанда сай­лаушылар­дың 84,45 пайызы «Nur Otan» партиясын жақтап дауыс берді. Соған орай, облыстық мәс­ли­хаттағы 38 депутаттық ман­даттың 32-сін «Nur Otan» пар­тия­сы иеленді. 13 қаңтар күні Саяси кеңестің бюро отырысы өтіп, онда депутаттарға депу­таттық мандат берілді. Қазір халық қалаулылары қызмет­теріне кірісіп кетті. Атап өтер­­лігі, сайлау науқаны барысын­да ешқандай заң бұзушылық бол­ған жоқ. Барлық іс-шара заң ая­сында өтті, – деді Олег Чугунков. Содан соң ол сайлау кезінде белсенділігімен көзге түскен бел­сенді азаматтарға партия төра­ғасының алғысхатын та­быс етті. – Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депу­таттарының сайлауында белсен­ділік танытып, «Nur Otan» партия­сының айқын басымдықпен жеңіс­ке жетуіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Тәуелсіз­дігіміздің 30 жылдығы қарсаңында нұр­отандықтардың ел азаматта­рымен бірлесе қол жеткізген бұл жеңісінің халқымыздың бірлігі мен мемлеке­тіміздің орнықты дамуы үшін маңызы ерекше. Алдағы уақытта «Nur Otan» партиясының сайлауал­ды бағдар­ламаларын іске асыруда табан­дылық таныта бере­ті­ні­ңізге сенемін. Сізге және от­ба­сыңызға зор денсаулық, аман­дық, бақ-бе­реке тілеймін! – деп жазылған Елбасының алғыс­хатында. Елбасының алғысхатымен марапатталғандар қатарында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев, об­лыстық мәслихат хатшысы Денис Рыпаков, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті, облыстық мәслихат депутаты Әсем Мамутова, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан тех­никалық универ­ситетінің рек­торы, облыстық мәслихат депу­таты Жасұлан Шаймарданов, Қазақстан Жазушылар одағының Семей қалалық филиалының ди­рек­торы Мерей Қарт және «Бота» ЖШС директоры, облыстық мәс­лихат депутаты Қайрат Қожах­метов секілді бірқатар азаматтар бар. Айта кетейік, Елбасының ал­ғысхатымен марапаттау рәсімі еліміздің әр аймағында ұйымдас­тырылып жатыр.

Әбілмансұр ЖАСАН