Жергілікті биліктің құзыры күшейеді
Жергілікті биліктің құзыры күшейеді
147
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төраға­лығымен палата бюросы өтті. Жиында келесі апта­дағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы бекітілді.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар қарауына аудандық, қа­лалық және ауылдық билік дең­гейлерінің дербестігі мен жауап­кершілігін кеңейту мәсе­лелері туралы заң жобасы бірін­ші оқылымда шы­ғарылатын болды. Құжат жергілікті мемлекеттік бас­қаруды және өзін-өзі бас­қаруды дамытуға, оның ішінде жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешу жеделдігін арттыру үшін жер­гілікті билік органдарына қо­сым­ша функ­циялар мен кіріс өкілеттіліктерін беруге бағыт­талған. Сонымен қатар депу­тат­тарға ұсы­нылатын күн тәрті­бінің жобасына бірқатар ра­тифи­ка­циялық заң жо­балары кіріп отыр. Олардың ара­сында суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Най­роби ха­лықаралық кон­вен­циясын ратифи­ка­циялау туралы, Қа­зақстан мен Бол­гария ара­сын­дағы сот­талған адам­дарды беру туралы шартты ратифи­ка­ция­лау туралы заң жобасы бар.

                                                                                                                                                                                            Ерік ЕРДЕНОВ