Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы өтті. Жиында келесі аптадағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы бекітілді.
Алдағы жалпы отырыста депутаттар қарауына аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымда шығарылатын болды. Құжат жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды дамытуға, оның ішінде жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешу жеделдігін арттыру үшін жергілікті билік органдарына қосымша функциялар мен кіріс өкілеттіліктерін беруге бағытталған. Сонымен қатар депутаттарға ұсынылатын күн тәртібінің жобасына бірқатар ратификациялық заң жобалары кіріп отыр. Олардың арасында суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы, Қазақстан мен Болгария арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы бар.Ерік ЕРДЕНОВ