COVID-19 себеп болған
COVID-19 себеп болған
135
оқылды

Қазақстанда ана өлімі күрт көбейді. Бұған басты себеп – жаз мезгілінде өршіген ко­ронавирус ин­фекциясы. Бұл туралы Ден­саулық сақтау вице-ми­нистрі Ажар Ғиният айтты.

Денсаулық сақтау вице-ми­нистрі Ақтөбе облысында ана өлімінің санын азайту бойынша республикалық отырыс өткізді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «2020 жылы ана өлімі 2,8 есе өсті» деген сөзіне қатысты пі­кір білдірді. Өткен жылы Қа­зақстанда 156 ана қай­тыс болған. «Ана өлімі былтыр жаз мез­гі­лінде күрт көбейді және ол ко­ронавирус инфекциясына бай­ланысты. Пандемия сал­­дарынан денсаулық сақтау са­ласына қиын болды. Ең бірінші кезекте әйел адамдарға көмек көрсетуге арналған жедел жәрдем қызметі зардап ше­кті», – деді Ажар Ғиният.  Оның айтуынша, 2020 жылы биыл бала туу саны былтырмен салыстырғанда 22 298-ге көп және 21 147 жүкті әйел бар. «Мем­лекет басшысы аймақ әкім­дерімен бірлесіп денсаулық са­ласындағы барлық мекемені тү­гендеуді, басты назарға бо­сандыру және реанимация қыз­метін алуды, оларды медици­­налық жабдықпен, дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз етуді тап­сырған бо­латын», – деді вице-министр.

Айша ЕРСҰЛТАН