Екібастұз тұрғыны Арулыат Мұхаметқали 13 жастағы нейл-мастер. Оның әлеуметтік желіде парақшасы бар. Жұмысын сол жерде жариялайды.
Жас тырнақ әрлеушінің анасы Сания Рахимова Aina-LINE жобасында баласының таңдауы жайында айтып берді. Арулыат көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатыр. Одан бөлек, отбасында төрт бала бар. Анасының айтуынша, Арулыат 11 жасында маникюр жасап, ақша тапқысы келген. Бірнеше курстан өткеннен кейін Португалиядағы нейл-мастерлердің сайысына қатысқан. 17 елден келген 190 қатысушының ішінде жұмысы үздік деп танылып, халықаралық чемпионатта жеңіске жеткен. Ол көбінесе тапқан табысының жартысын мұқтаж адамдарға және Екібастұздағы науқас балаларға береді. Өйткені оның інісі кішкентай кезінде сал болып қалған. Інісі Бекарыс екі жасында 3-қабаттан құлап түскен екен. Миының жарақатының салдарынан ол сал болып қалған. Қазақстандық және шетелдік дәрігерлер балаға ем-дом жасауды қолға алмаған. Анасының айтуынша, баланың денсаулығы Қырғыз Республикасындағы дәрігердің бақылауында. Сондықтан талантты баланың отбасы әр сапары үшін ақша жинауға мәжбүр.Айбике ЖАНАСЫЛ