Гипсті алмастыратын таңғыш ойлап тапты

Гипсті алмастыратын таңғыш ойлап тапты

Ақтөбелік дәрігерлер 3D принтердің көмегімен плас­тикалық таңғыш ойлап тапқан. Олардың айтуынша, аталған таңғыш гипсті алмастыра алады.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина универ­ситеті­нің практикалық дағдылар орта­лығы жаңа жобаны таныстырды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, мұндай  затты жасауға студенттер құлшыныс танытқан. «Былтыр студенттер жаңа жо­баны қолға алып, іске асыру үшін түрлі әдісті қолданды. Алдымен жұқа, жіңішке лангет шықты. Тез сынғыш дүниені қалың етіп, қайта жа­сатты. Бірақ қысқа лангет да­йын­далған. Сөйтіп, ұзындығы қайта қаралды. Бір жыл уақытымыз осы жұмысқа кетті. 3D принтер трав­матология бөлімшесіндегі нау­қастар үшін ыңғайлы таңғыш жасау­дың жолы әрі қарай жал­ғасады. Қолға ғана емес, аяққа да са­луға болады. Балалар үшін ың­ғайлы», – деді БАҚ-қа берген сұхбатында практикалық дағдылар орталығының қызметкері Алма Елубаева. Мамандардың сөзінше, жүгері­ден жасалған пластик таңғыштың бір данасын дайындау үшін 6-7 сағат уақыт қажет. Гипс салмағы 1-1,5 келі болса, лангеттің салмағы 50 грамм. М.Оспанов атындағы БҚМУ оқы­тушысы, практикалық дағ­ды­лар орталығының басшысы Ер­болат Ізтілеуовтің айтуынша, лан­гет гипске қарағанда рентген өткіз­гіш. Олар бірнеше нұсқасын да­йындап, клиникалық сынамадан өт­кізуге жіберген. Жақында дәрі­герлер  қай нұсқаның оңтайлы еке­нін айтады. Кемшін тұсы өң­деліп, қайта тексеріледі. Яғни, өте ұзақ процесс. Алдағы уақытта ма­ман­дар бірнеше данасы  жергілікті ауруханалардың травматология бөлімшесіне береді.

Айбике ЖАНАСЫЛ