Ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыру үшін донорлар керек
Ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыру үшін донорлар керек

Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыру үшін донорлар қажет, — деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Құрметті алматылықтар. Ұшақ апатына байланысты шұғыл түрде қан доноры керек. Алматыда қан орталығының мекенжайы Бұқар жырау, 47 үй, телефон: 274-31-99. Алматы облыстық қан құю орталығының мекенжайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 42 үй, телефон: +7 (72771) 2 28 04» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақта 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі болған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, ұшақ апатына кінәлілер қатаң жазаланатынын айтты.