Шарын базарында өрт шықты
Шарын базарында өрт шықты
5,100
оқылды

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 27 желтоқсанда таңертең болған.

«Сағат 10.22-де өрт сөндіру бөлімдері Алаш тас жолымен «Шарын» базарына шықты. Келген кезде ангар тәрізді көкөніс павильонында, аумағы 15 метрлік асханада тандырдың күйгені анықталды», – деп хабарлайды ТЖД.

Өрт сағат 11.00-де локализацияланды, қазіргі уақытта өртті сөндіруге 9 техника және төтенше жағдайлар жөніндегі жеке құрамның 40 адамы жұмылдырылып жатыр. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің себебі анықталуда. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

https://youtu.be/nIbNd0Tox2o