Айыппұлы көп авто көліктер
Айыппұлы көп авто көліктер
78
оқылды

Жаңа жыл басталысымен Атырауда 9 млн теңге төлен­беген айыппұлы бар 160-қа жуық автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

9 миллион айыппұлы бар автокөліктердің дені ресейлік. Қалғандары Қырғыз Респуб­ликасы, Әзербайжан және Ар­мения елінен әкелінген авто­көліктер. Атыраулықтар былтыр көктемде армениялық көлік­терді тіркеуге мемлекеттің аздап болса да жеңілдік жасауын  айыппұл төлемеу деп бағалады  ма, жол ережесін бұзушылар азаймаған. Әрі айыппұл төлеуге де асықпауда. Ал кеше тәулік ішінде Аты­рау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен қала аума­ғында ӘҚБтК-нің 785- бабына сәйкес, төленбеген айып­пұлы бар Ресей, Армения, Қырғыз Республикасы елдері­нен әке­лін­ген 12 автокөлік анықталды. Атырау облысы Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, он екі автокөліктің екеуінің иесі ғана  36 254 теңге айыппұлын сол жерде төлеген. Ал айыппұлы 395 870 теңге 10 автокөлік патрульдік полиция қызметкерлерімен арнаулы тұраққа жеткізілді. Сайып келгенде,  автокөлік иелерінің  айыппұлды төлеуді естен шығаруы арнаулы тұрақты кеңейтуге мәжбүрлейтін сыңай­лы. Өйткені  күн санап айып тұрағына әкелінген көліктер қарасы  көбейіп барады.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ , Атырау облысы