Алматы маңындағы ұшақ апатынан Informburo.kz-тің журналисі көз жұмды
Алматы маңындағы ұшақ апатынан Informburo.kz-тің журналисі көз жұмды
5,113
оқылды

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің ұжымы Informburo.kz интернет порталының редакциясына Bek Air ұшағында болған шығарушы редактор Дана Круглованың қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтады.

Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2016 жылы Informburo.kz порталында репортер болып бастаған.

2019 жылдың басында шығарушы редактор болып ауысты.

Айта кетейік, бүгін Алматы маңында болған ұшақ апатының мән-жайын білу үшін шұғыл желі жұмыс істеп жатыр.