Шымкентте 90 жастағы әжей жуынатын бөлмеде құлап, 2 күн жатып қалған
Шымкентте 90 жастағы әжей жуынатын бөлмеде құлап, 2 күн жатып қалған
127
оқылды
Шымкентте жалғыз тұратын 90 жастағы әжей жуынатын бөлмеде құлап, екі күн жатып қалған.
"Шымкент қаласы ТЖД "112" құтқару қызметінің пультіне 2021 жылғы 29 қаңтарда сағат 09:36-да әлеуметтік қызметкерден хабарлама келіп түсті. Ол Т. Әлімқұлов көшесінде тұратын 1930 жылы туған өз қарауындағы әже телефон қоңырауларына жауап бермегендіктен, оның үйіне барғандығын, қоңырау шалғаннан кейін әлеуметтік қызметкер әжейдің әрең шығып жатқан дауысын естігенін жеткізген", деп хабарлайды otyrar.kz.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар кіреберіс есікті ашып берді. Ішкі кіргеннен кейін анықталғаны, қарт әжей жуынатын бөлмеде құлап, екі күн жатып қалған. Абырой болғанда, әжей дін аман, жедел медициналық көмек қажет емесін айтты. Құтқарушылар әжейді диванға апарып жатқызды.