Бірқатар өңірде күн бұзылады
Бірқатар өңірде күн бұзылады
130
оқылды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

28 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ сақталады. Ақтөбе қаласында да көктайғақ болып, тұман түседі.

28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады. Тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Ертең Орал қаласында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.

28 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, тұман түседі. Қостанай қаласында – көктайғақ болады.