Алматы облысында жаттықтырушы оқушысын ұрған.
«26 қаңтар күні Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына 16 жастағы жасөспірімнің мұрын сүйегі сынып, ауруханаға түскені туралы хабарланды. Бұл факт бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды», – деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, оқушыны 34 жастағы жаттықтырушысы ұрған, – деп жазады zakon.kz. Ол спорт залды жинап жатқанда оқушылардың сыныптасы келіп, оған дөрекілік танытқан. Осыған шыдамаған жаттықтырушы жасөспірімнің бетінен ұрған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.