16 жастағы жасөспірімді ұрған жаттықтырушыға қатысты тергеу басталды
16 жастағы жасөспірімді ұрған жаттықтырушыға қатысты тергеу басталды
138
оқылды
Алматы облысында жаттықтырушы оқушысын ұрған.   «26 қаңтар күні Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына 16 жастағы жасөспірімнің мұрын сүйегі сынып, ауруханаға түскені туралы хабарланды. Бұл факт бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды», - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен. Полиция департаменті  өкілдерінің хабарлауынша, оқушыны 34 жастағы жаттықтырушысы ұрған, – деп жазады zakon.kz.  Ол спорт залды жинап жатқанда оқушылардың сыныптасы келіп, оған дөрекілік танытқан. Осыған шыдамаған жаттықтырушы жасөспірімнің бетінен ұрған.  Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.