Қазақстан Ресей мен Түркияға қатынайтын тұрақты рейстерін көбейтті
Қазақстан Ресей мен Түркияға қатынайтын тұрақты рейстерін көбейтті
123
оқылды
Қазақстан Ресей мен Түркияға қатынайтын тұрақты рейстерін көбейтті. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сәйкес, Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерін әр тараптан аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін, сондай-ақ Түркиямен Анталья – Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рейске ұлғайтуға рұқсат берілді.
"Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер ұлғайтылғаннан кейін, ресейлік тараптың келісімін ескере отырып, әуе қатынасы әр тараптан Нұр-Сұлтан – Мәскеу (аптасына 2 рейс) және Алматы – Мәскеу (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша аптасына 3 рейстен орындалады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады", – делінген хабарламада.