Пакьяо әлем чемпионы титулынан айырылды
Пакьяо әлем чемпионы титулынан айырылды
109
оқылды
Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо WBA Super нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды Prosport.kz. WBA боксшыны «демалыстағы чемпион» дәрежесіне өткізді. Ал оның белбеуі бұрын WBA Regular титулының иегері болған Куба боксшысы Йорденис Угасқа (26-4, 12 КО) өтті. Еске сала кетсек, Мэнни Пакьяо соңғы рет өз титулын 2019 жылдың 20 шілдесінде қорғаған. Ол кезде боксшы американдық спортшы Кит Турманнан басым түскен болатын.