Bek Air билеттердің толық құнын қалай қайтару керектігін айтты
Bek Air билеттердің толық құнын қалай қайтару керектігін айтты
5,139
оқылды

Жаңа жылға дейін ұшуды жоспарлаған жолаушылар ғана толық бағаны алады.

Егер Bek Air әуебилетін сатып алған адамдар Алматы маңында болған апаттан кейін ұшудан бас тартса, оларға билеттің толық құны қайтарылады, бірақ бұл авикомпанияға тыйым салынған жаңа жылға дейін ұшуға қатысты. Бұл туралы компанияның жолаушылармен жұмыс істейтін өкілі хабарлады,– деп жазады Liter.kz.

«Бүгін Нұр-Сұлтаннан түрлі бағыттар бойынша 108 адам бес рейспен ұшу керек болатын. Қазір оларды басқа ұшақтарға отырғызуға жұмыс істеліп жатыр. Ертеңгі рейске билеттері бар адамдардың мәселесі ертең шешіледі. Осылайша жаңа жылға дейін», – деді ол.

Сондай-ақ, Bek Air компаниясының өкілі егер адамдар ұшудан бас тартса, оларға билеттің толық құны қайтарылатынын айтты. Дегенмен, ол тек жаңа жылға дейін рейстер үшін. Егер Bek Air компаниясына тыйым 2020 жылы да ұзартылса, авиакомпания билеттің толық құнын қайтарады немесе адамдарды басқа рейстерге ауыстырады.

Айта кету керек, адамдарды басқа рейстерге ауыстыру кезінде билеттер құны әлдеқайда жоғары болады, сондықтан авиакомпания айырмашылықты жабуға міндетті. Жолаушылар ештеңе төлемейді.