Атақты блогердің баласы смартфонның кесірінен көз жұмды
Атақты блогердің баласы смартфонның кесірінен көз жұмды
113
оқылды
Ресейлік арт-блогер Анастасия Сосновскаяның ұлы зарядталып жатқан смартфонды жуынып жатып суға құлатып алған, соның салдарынан көз жұмған. Блогер қайғылы хабар туралы өзінің Instagram парақшасында жазды. Ол бұл жағдайды 20 күннен кейін жазуды жөн көрген. Баласының жасы небәрі 12 де болған. 40 минуттық реанимация да оны қайтаруға көмектеспепті. Блогер өзінің үндеуінде ата-аналарды балалардың жуыну бөлмесінде телефонды пайдалануына тыйым салуға шақырды, сонымен қатар басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін осы жағдайды таратуды өтінді.