Көкшетау әкімдігінің маңына бомба қойылғаны туралы хабар келген
Көкшетау әкімдігінің маңына бомба қойылғаны туралы хабар келген
99
оқылды
Көкшетау қаласы әкімдігінің ғимаратына бомба қойылғаны туралы ақпаратқа байланысты әкімдік қызметкерлері эвакуацияланды. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 30-да Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының «102» арнайы желісіне 46 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, қалалық әкімдіктің маңына бомба қойылғанын айтқан. «Осыған байланысты әкімдікте болған бірқатар қызметкерлер эвакуацияланды. Полиция департаментінің жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник-мамандары әкімдік ғимараты маңынан жарылғыш затты таппады»,– дейді ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. Жалған хабар берген 46 жастағы әйел 2018 жылдан бері «босанғаннан кейін мінез-құлқының бұзылуы» диагнозымен психиатр дәрігердің есебінде тұрған. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты  сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.