Самат Смақов "Ордабасының" бапкері атанды

Самат Смақов "Ордабасының" бапкері атанды

Самат Смақов «Ордабасы» клубында бапкерлік қызметке тағайындалды.

42 жастағы Қазақстан құрамасының экс-капитаны Самат Смақов «Ордабасы» командасының жаттықтырушылар құрамының мүшесі атанды. Смақов бір апта бұрын «Ордабасыны» тізгіндеген беларуссиялық маман Александр Седневтің көмекшісі болады. Сондай-ақ бапкерлер құрамына тағы бір жергілікті маман Андрей Ферапонтов қосылды. Самат Смаков өзінің футболшы мансабын 2017 жылы аяқтаған. Алдыңғы екі маусымда экс-футболшы «Ақтөбе» клубына директор болды.