Петропавлдық оқушы автоматтандырылған қоқыс жәшігін ойлап тапты

Жас өнертапқыштың тұрмыстық қалдықтарды тастайтын қоқыс жәшігі толық автоматтандырылған. Ультрадатчиктер енгізілген. Бағдарлама бойынша адамның қолы жақындай бере жәшіктің қақпағы өздігімен ашылып-жабылады.

Енді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы экологиялық жобасына демеуші тауып, қоршаған ортану қорғауға өз үлесін қосқысы келеді.

«Бұл идеяға қаладағы шашылып жатқан қоқыстар себеп болды. Жел соққан сайын тұрмыстық қалдықтар жан-жаққа ұшып, қоршаған ортаны ластап жатыр. Осының бәрі – өзекті мәселе. Сондықтан осындай ойға келдік»,  –  деді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Арман Нұрышев.

Айтуынша, ол бұл жобаға екі апта арнапты.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.