Елордада такси жүргізушісі көлігімен сырғанаққа шықпақ болды
Елордада такси жүргізушісі көлігімен сырғанаққа шықпақ болды

Елордадағы Триатлон паркінде такси жүргізушісі көлігімен сырғанақтың биігіне шықпақ болды.

 Әлеуметтік желіде жарияланған бейнероликті жұрт жаппай сынға алып жатыр. Тіпті, кейбіреуі мүмкін мұз басынан қымбат тапсырыс түскен болар деп әзілдеген. Алайда жүргізушінің мұндай іске не үшін барғаны да, діттеген жеріне жеткен-жетпегені де белгісіз. Сырғанаққа келгендер жүргізуші өзгенің, әсіресе балалардың өміріне қауіпті іс істегенін айтып, жазалануы тиіс деген пікірде. [embed]https://youtu.be/RMCQuBaYQU4[/embed]