Ақордада шұғыл кеңес өтті
Ақордада шұғыл кеңес өтті
90
оқылды

Мемлекет басшысы Ал­маты маңындағы ұшақ апатына байланысты шұ­ғыл кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзі­нің атынан қаза бол­ған аза­маттардың отба­сы­лары мен жақындарына көңіл айтты. Жиынға қа­тысушылар қайтыс бол­ған­дарды бір минут үнсіз­дік­пен еске алды. Бұл ту­ра­лы Президенттің бас­­па­сөз қызметі хабарлады.

Кеңеске Премьер-Ми­нистр, Президент Әкімшілігі бас­шылығы, Қауіпсіздік Кеңе­сі хатшысы, Бас прокурор, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті тө­ра­ғасы, Ішкі істер, Ақпарат жә­не қоғамдық даму, Ден­сау­лық сақтау министрлері қа­тысты.

Мемлекет басшысы Пре­мьер-Министр Асқар Ма­мин­нің, Бас прокурор Ғи­зат Нұрдәулетовтің, Ішкі іс­тер министрі Ерлан Тұр­ғым­баевтың және Денсаулық сақ­тау министрі Елжан Бір­та­новтың есептерін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкі­метке Алматы қаласы мен Алматы облысы әкім­дік­терімен бірлесіп қаза болған азаматтардың отбасына 4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсету­ді тапсырды. Қайтыс болған­дар­дың жақындарына жан-жақ­ты психологиялық жә­не медициналық қолдау көр­­­­сетіледі. Сонымен қатар зар­­дап шеккеннің барлығына қажетті көмек беріледі.

28 желтоқсанды жал­пы­ұлт­тық аза тұту күні деп жария­ла­ған Президент еліміздегі мем­лекеттік туларды төмен тү­сіруге және барлық ойын-сауық шарасын тоқтатуға тап­сырма берді.

Мемлекет басшысы кеңес ба­рысында:

– Ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объек­тивті түрде тексеруге;

– «Қазақстанның авиа­ция­лық әкімшілігі» акционерлік қо­ғамын білікті мамандармен қам­ту жұмыстарын толық аяқ­тау шараларын қабылдауға;

– Қауіпсіздік талаптарына сәй­кестендіру үшін барлық әуе компаниясының жұмыс­тары мен авиациялық инфрақұры­лым нысандарын тексеруге тап­сыр­ма берді.

Бас прокуратура мен Ішкі іс­тер министрлігіне қозғалған қыл­мыстық іс аясында ұшақ апа­тына соқтырған себептерді анық­тау, кінәлілерді заңға сәй­кес жауапкершілікке тар­ту, сон­дай-ақ Алматы әуе­­жайының аумағына жа­­қын орналасқан жеке құ­ры­­лыстардың заңды­лығын зерттеу жөнінде шара қа­былдауды тапсырды.