Кәрі құрлықта 92 миллион адам кедейлікте өмір сүріп жатыр. Бұл туралы БҰҰ-ның осы мәселе бойынша арнайы баяндамашысы Оливье де Шуттер мәлімдеді.
Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, пандемия жағдайды нашарлата түскен. Салдарынан биылғы күзде Еуропада қайыршылық шарықтау шегіне жеткен. Жоқшылық қазірдің өзінде Еуроодақ халқының 20%-іне кері әсер еткен. Аймақта жалақының азаюынан 20 миллиондай азамат қиындыққа тап болған.