Стамбұл мен Дубайдан ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды
Стамбұл мен Дубайдан ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды

Стамбұл мен Дубайдан әуе рейсімен ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды. Бұл ақпаратты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне хабарлады. 

«29 қаңтарда анықтамасыз келген 236 ҚР азаматының ПТР талдау нәтижесі бойынша 3 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Стамбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Дубай – Алматы рейсімен келген», – делінген хабарламада. Комитеттің мәліметінше, 30 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келген. «2 059 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 612 адам, анықтамасыз 447 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 325 жолаушы, анықтамамен – 1 049, анықтамасыз – 276; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 452 жолаушы. Анықтамамен – 396; анықтамасыз – 56; Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 171 жолаушы. Анықтамамен – 110, анықтамасыз – 61; Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 111 жолаушы, анықтамамен – 57; анықтамасыз – 54» делінген хабарламада. Анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР тест тапсырады және карантин стационарында сынама нәтижесін күтеді.