Қазақстан жасөспірімдер (U17) құрамасы Тәжікстаннан ойсырай жеңілді
Қазақстан жасөспірімдер (U17) құрамасы Тәжікстаннан ойсырай жеңілді
136
оқылды
Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (17 жасқа дейін) Минскіде (Беларуссия) өткен "Даму кубогы" деп аталатын халықаралық турнирде ірі жеңіліске ұшырады. Кирилл Морунов шәкірттері Тәжікстан жастарынан 1:7 есебімен жеңіліп қалды. Оның үстіне, матчтың 17-минутында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Сергей Иванов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Қазақстан құрамасының жалғыз голын 71-минутта Никита Губарев соқты. Қазақстан (U17) құрамасы келесі кездесуін 3 ақпанда Беларуссия құрамасына қарсы өткізеді, ал 6 ақпанда Молдова құрамасымен ойнайды