Өмір бойына бас бостандығынан айырылған қылмыскерлер жазасын өтейтін Жітіқарадағы 161/3 қылмыстық колониясының бұрынғы бастығына қатысты сот үкімі шықты. Бұл жайында Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Жітіқарадағы «Қара бүркіт» түрмесі бастығының қамауға алынуына байланысты түсінік берген. Іс деректеріне сүйенсек, 2019 жылдың желтоқсан айында колония бастығы болып тағайындалған А.Әбілов 2020 жылдың 26 тамызында мекеме қызметкері Ж. арқылы 1 млн теңге пара алғаны үшін қамауға алынған. Кейін «Қара бүркіт» бастығының қызметтік кабинетінде заңсыз оқ-дәрі сақтағаны анықталды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.«29 қаңтар күні Жітіқара аудандық сотының үкімімен колонияның бұрынғы басшысы бопсалау жолымен пара алғаны және заңсыз қару-жарақ сақтағаны үшін 8,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот А.Әбіловті әділет подполковнигі шенінен және мемлекеттік қызмет саласында лауазымды міндет атқару құқынан өмір бойы айырды», - делінген облыстық соттың ақпаратында.