СҚО-да интернет алақтар тұрғынның 2,5 млн теңгесін қолды етті
СҚО-да интернет алақтар тұрғынның 2,5 млн теңгесін қолды етті
116
оқылды
Петропавл тұрғыны 2,5 миллион теңгеден астам ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 66 жастағы тұрғыны интернет алаяқтарға алданып, полицейлерге жүгінген. Ер адамның айтуынша, оған белгісіз біреу телефон арқылы хабарласып, өзін «банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін» деп таныстырған. Клиенттің шотынан белгісіз біреу ірі көлемдегі соманы алмақ болып жатыр деген. Транзакцияға жол бермеу үшін банк картасының пин-кодын атау керектігін айтқан. Бірақ ер адам олардың сөздеріне сенімісіздің танытқан. Сонда да қылымыскерлер клиенттің шотында жатқан соманы және оның соңғы уақытта қандай қаржы операциясын жасағаны туралы айтып, арбауына түсірген. Бұл сөздерге сенген ер адам пин-кодын жайып салып, бар жиған-терген қаражатынан айырылған. Петропавл қаласы ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді.