Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды
89
оқылды
Қазгидромет " РМК 1 ақпанға еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жариялады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр жел соғады, екпіні секундына 23-28 метр болады. Таразда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр, кейде секундына 23 метр болады. Түркістан облысының тауларында жауын - шашын, қар жауады. Кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Дауылдың ықтималдығы 90-95% құрайды. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда қаласында тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.