Атырауда айыппұлдары 9 млн теңгені құрайтын 160-қа жуық автокөлік тұраққа қойылды
Атырауда айыппұлдары 9 млн теңгені құрайтын 160-қа жуық автокөлік тұраққа қойылды
140
оқылды
Атырауда 9 миллионға жуық төленбеген айыппұлдары бар 160-қа жуық көлік айыппұл тұрағына тоғытылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қаңтар айының 28 күні, яғни бір тәулік ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері қала аумағында жүрген ҚР ӘҚБтК-нің 785- бабына сәйкес төленбеген айыппұлдары бар 12 автокөлікті анықтады. Олардың бесеуі Қырғызстаннан, біреуі Әзірбайжаннан, 19-ы Армениядан әкелінген автокөліктер болса, қалғаны Ресейден жеткізілген автокөліктер болып табылады.   Екі көлік йесі 36 254 теңгені құрайтын айыппұлдарын сол жерде төлеген. Ал, ортақ айыппұлдары 395 870 теңгені құрайтын 10 автокөлікті патрульдік полиция қызметкерлері арнаулы тұраққа жеткізді.