Қуат Хамитов NFC-дің чемпионымен жекпе-жекке келісті
Қуат Хамитов NFC-дің чемпионымен жекпе-жекке келісті
122
оқылды
"Найман" Хамитов (20-7-1) Фаниль Рафиковпен (19-4) жекпе-жекке келісті, деп хабарлайды Vesti.kz. Алматыда өткен NFC 28 турнирінің басты айқасында Рафиков жергілікті Серікбай Ходжабаевты (9-4)  жеңіп, ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы атанды. Осыдан кейін ол Хамитовты жекпе-жекке шақырды. Хамитов бұған Іnstagram желісінде жауап берді.  
Мені айқасқа шақырғанын естігенде, ол жігіттің жекпе-жегін көрейін деп қатты таңқалдым, ол анандай нокауттан кейін қалай тірі қалған! Ал енді әлі жаны бар және жекпе-жек қаласа, ұйымдастырушыларға айтарым, бұл менің карьерамдағы ең жеңіл кездесу. Жеңілдік жасауға да дайынмын, онымен күреспеймін, тіпті оң қолыммен мүлде ұрмауға уәде беремін! Қысқасы бұл жекпе-жек мен үшін ештеңе емес, алайда, олар мені қызықтыра алса, онда неге болмасқа, – дейді Хамитов.