Алматыда карантин шаралары туралы бас санитар Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. Жаңа қаулыға сәйкес, сауда орталықтары, сауда және ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-23:00 аралығында жұмыс істейді және жексенбі күні дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана ашық болады. Азық-түлік және оған жатпайтын дүкендер, бизнес-орталықтар, фотосалондар, фитнес орталықтары, спорт залдары, туристік компаниялар мен бірнеше нысанның жұмыс істеуіне рұқсат берілді. СПА- орталықтар мен бассейндер дүйсенбі-сенбі күндері таңғы 6:00-ден 21:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Моншаларға уақыт шектеуі қойылмайтын болды. Сауда орталықтарындағы тамақтану нысандары сағат 7:00-23:00 аралығында жұмыс рұқсат берілді Қоғамдық көлік жұмысына уақыт жағынан шектеу қойылмайды.