«Спутник V» вакцинасын ең бірінші Бас санитар дәрігер мен Денсаулық сақтау вице-министрі салдырды
«Спутник V» вакцинасын ең бірінші Бас санитар дәрігер мен Денсаулық сақтау вице-министрі салдырды
181
оқылды

Ресейдің «Спутник V» вакцинасы егіледі. 15 ақпаннан бастап вакцинациялауға Қарағандыда өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылады. Биыл 2 тоқсаннан бастап вакцинациялауға QazCovid-In препаратын енгізу жоспарда бар.

Бүгін «Спутник V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алды.

«Ең тиімді қорғаныс құралы болғандықтан үнемі вакцина аламын. Өз басым вакцина арқылы медицина мамандарын, халықты қорғай алатынымызға қуандым. Ресейлік, қазақстандық вакциналарға келсек, барлық вакцинаның қорытындысы бір – ағзада коронавирусқа қарсы иммунитет (антидене – ред.) пайда болады. Вакцина салдырғаныма уайымдамаймын. Дәрігер болғандықтан вакцинаның артықшылығы мен кері әсерлерін білемін», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

[caption id="attachment_107419" align="aligncenter" width="843"]Спутник V, вакцина, бас мемлекеттік санитар дәрігер, Ерлан Қиясов, Денсаулық сақтау вице-министрі, Ажар Ғиният Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Вакцинация биыл жыл соңына дейін жалғасады. Шамамен 6 миллиондай адам қатысады деген жоспар бар.

Бұған дейін Президент отандық вакцинаны салдыратынын айтқан болатын.

Жалпы Қазақстанда коронавирусқа қарсы тәжірибе ретінде вакцинаны еріктілердің бірі болып Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен дәрігер Қайсар Табынов салдырған еді.

Алайда Бердібек Сапарбаевтың коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанына күмәнданғандар да болды. Бірнеше күн өткен соң Бердібек Сапарбаевтың екпе салдырғанына қатысты медбике ақиқатты айтты.

Ал Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның вакцина салдырғанын телеарнаның тікелей эфирінен көрсеткенін жазған болатынбыз.