Вишневская – Қазақстан чемпионы
Вишневская – Қазақстан чемпионы

23-27 желтоқсан ара­лығында Алматы қа­ла­­сында биатлоннан Қа­зақ­стан чемпионаты өтті. Спортшылар спринт, ара­лас эстафета мен із кесу бойынша бақ сы­на­ды. Жылдың басты бә­се­келерінің бірі «Алатау» спорт кешенінде бастау ал­ды.

26 желтоқсан күні спринттен жеңім­паздар мен жүлдегерлер белгілі болды. Әйелдер арасын­дағы сында Галина Вишневская үздік атанды. Күміс медальді Ели­завета Бельченко еншіледі. Қола жүлде Анастасия Кондратьеваға бұйырды. Ерлер арасында Алек­сандр Мухин алтыннан алқа тақ­ты. Владислав Витенко күміс, Роман Еремин қола медаль алды.

Ал Вишневская мен Бельченко әйелдер арасында із кесу бойын­ша өткен сайыстың көрігін қыз­дыр­ды. Шығысқазақстандық спорт­шы Галина Вишневская өзі­не қарсылас шақ келтірмеді. Виш­невскаяның жерлесі Ели­заве­та күміс жүлдеге ие болды. Қарағандылық Людмила Ахатова қолаға қол созды.

Із кесу бәсекесі бойынша ер­лер­ден Ақмола облысының үмі­ті Александр Мухин алтын ме­дальді қанжығасына байлады. Шығыстан келген Владислав Ви­тенко күміспен күптелсе, пав­ло­дарлық Антон Пантов қола жүл­дені қанағат тұтты.

Алматы төрінде өткен спорт до­дасы қала жұртшылығына қуа­ныш сыйлады. Ауа райына қа­ра­май қолдау білдірген жан­күйер­лерге спортшылар да ризашылық білдірді.


Айзат АЙДАРҚЫЗЫ