Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Спорт

УЕФА рейтингінде төртіншіміз

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 28, 2019
Спорт
918
қаралым

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА түзген рейтингте 4-орын иеленді. Ал футбол құрамасы 2019 жылды ФИФА рейтингінде 118-орынмен аяқтады. Орын санын анықтауға ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі мен осы жылы өткен түрлі турнир әсер етті.

Әр сала жылды қорытындылап, есеп бе­ріп жатыр. Түрлі рейтинг түзіліп, жеңіс пен жеңі­лістің себеп-салдары сарапталды. Осыған бай­ланысты УЕФА мен ФИФА рейтинг жаңартып, 2019 жылдың үздік құрамаларын анықтады. Футзалдан Қазақстан құрамасы маусымды рей­тинг бойынша 4-орынмен аяқтады. Жаңартылған рейтинг көрсеткендей, футзалдан құрама 2 074 ұпай жинап, өткен жылға қарағанда бір сатыға жо­ғарылады. 2018 жылы ұлттық құрама 2 674 ұпай­мен 5-орынға тұрақтаған.

Испания құрамасы УЕФА рейтингінде 2 112 ұпай еншілеп, көш бастады. Ал 2 099 ұпай жи­на­ған Ресей екінші орыннан көрінді. 2018 жылы көр­шілеріміз 2 765 ұпаймен 3-орынға табан тіре­ген еді. Биыл 2 088 ұпаймен Португалия құрама ко­мандасы үздік үштікті түйіндеді

Михал Билек баптайтын футболдан Қа­зақ­стан құра­масы 2019 жылдың ЕУРО-2020 ірік­теу турнирінде өнер көрсетті. I тобында өнер көрсеткен ұлттық құрама 10 ойында 10 ұпай жинады. Әрине, мұндай көрсеткішпен үздік 100 құраманың қатарына кіру мүмкін емес. ФИФА рейтингінде Қазақстан 1 155 ұпаймен 118 орын алды. «Кемедегінің жаны бір» демекші, I тобында Қазақстан құрамасымен бірге доп теп­кен Ресейге 1 470 ұпаймен 38-орын берілді. Шот­ландия 1 422 ұпаймен – 50-орын, Кипр 1 251 ұпаймен – 95-орын, ал Сан-Мариноға 824 ұпай­мен 209-орын бұйырды.

ФИФА түзілімі бойынша 1 765 ұпай жиған Бель­гия үздік атанды. 1 733 ұпай алған Франция 2 орын алса, Бразилия 1 712 ұпай жинады. 2016 жылғы Еуропа чемпионы – Португалия құра­масы 1 639 ұпаймен 7-орыннан көрінді. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болған Хор­ватия 1 642 ұпаймен 6-орында тұр. Латын Аме­рикасының үздіктері – Аргентина, Уругвай мен Колумбия үздік ондыққа кірді.

Жоғарыдағы рейтинг көрсеткендей, фут­зал­­дан алда болсақ та, футбол көшінде ілі­ніп-са­лы­нып жүрміз. Іргедегі қырғыз елі түзілім­де 96-орында тұрса, Өзбекстан 85-орынға жай­ғасты. Түбі бір түркіміз деген Түркия (29) мен Әзірбайжан (114) да доп тебуден құр алақан еме­сін көрсетті. Футболды дамытуға ден қойып, қаржы бөлінсе де, аяқ допшыларымыз Еуропа «шыңын» бағындыра алмай жүр. 2020 жылдың жазында ЕУРО-2020 турнирі өтеді. Рейтингте 38-орын алған Ресей турнирдің топтық кезеңінде бақ сынайды. Ал біз футболдан кезекті турнирді теледидардан тамашалаймыз.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Скандинав даму моделінің сыры

Зара үздік отыздыққа енді

Қазақстан футзал құрамасы әлемдік «Futsalplanet Awards» номинациясына ұсынылды

 
Тегтер: рейтингУЕФАұлттық құрамафутзал
Алдыңғы жаңалық

Темекіқұмарлар азаяр емес

Келесі жаңалық

Головкин – үздіктер қатарында

Ұқсас жаңалықтар

Хабиб
Жаңалықтар

Хабиб Нұрмагомедов UFC-ге қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
Амур
Жаңалықтар

«Барыс» өз алаңында ресейлік «Амурды» жеңді

Қаңтар 17, 2021
алтын
Жаңалықтар

Халықаралық турнирде Қазақстанның боксшы қыздары 5 алтын алды

Қаңтар 17, 2021
«Қайрат»
Жаңалықтар

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді  

Қаңтар 18, 16:16

Дәрігерлер Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы туралы айтты

Қаңтар 18, 15:44

Жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар қатаң жазаланатын болды

Қаңтар 18, 15:28

Қаламгер Ғабит Мүсіреп Egemen Qazaqstan газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Қаңтар 18, 14:52

Алматыда басқарма басшысы не үшін ұсталды?

Қаңтар 18, 14:27

Димаш Құдайберген Джо Байденді ұлықтау апталығында өнер көрсетті

Қаңтар 18, 14:11

20 қаңтардан бастап бір өңірде карантин күшейтіледі

Қаңтар 18, 13:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

халыққа қызмет көрсету орталығы, астана, жұмыс кестесі

Астанада ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді  

Қаңтар 18, 2021
Мейрамбек Бесбаев, коронавирус, ауру, әнші

Дәрігерлер Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы туралы айтты

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»