Бас санитар дәрігер коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты
Бас санитар дәрігер коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты

«Қолайсыздықты сезіп тұрған жоқпын. Вакцина салдыратын адамды дәрігер тексереді. Дене қызуы, қан қысымы, жұтқыншағын тексереді. Содан кейін дәрігер ол адамға вакцина салуға рұқсат береді. Әр адам ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Егер ол барлық талаппен келіссе, 21 күннен кейін вакцинаның екінші кезеңіне де келуі керек», – деді Ерлан Қиясов.

Оның айтуынша, барлығына емдеу мекемелері жауапты. Жауапкершілік баршаға ортақ. Денсаулық сақтау министрлігі әр жағдайға жеке-дара қарайды. Өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармаларының жанынан арнайы комиссиялар құрылады. Олар вакцинадан кейін айрықша реакция болған жайттарды жіті қадағалайды.

Бүгін астанадағы №6 қалалық емханада Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцина салдырды.