Қазақстанда карантинді түбегейлі қашан алып тастайды?
Қазақстанда карантинді түбегейлі қашан алып тастайды?
5,126
оқылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов астанадағы №6 қалалық емханада журналистермен жүздесуде айтты.

«Егер біз елдің иммунитетін 50 процентке дейін көтерсек, бұрынғыдай қалыпты өмірге қайта ораламыз. Сол кезде карантин де, локдаун да болмайды», – деді Ерлан Қиясов.

Бүгін Қазақстанда жаппай вакцинациялау басталды. Алғашқылардың бірі болып  Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцина салдырды.