Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет COVID-19

Ақмола облысында коронавирусқа қарсы вакцина егу басталды

"Айқын" ақпарат
Ақпан 1, 2021
COVID-19, Жаңалықтар, Қазақстан
Ақмола
161
қаралым

Ақмола облысында алғашқы лекпен 200 ақ халаттылар коронавирусқа қарсы вакцина қабылдамақ. Алғашқылардың бірі болып облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов вакцина қабылдады, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Таңғы оннан басталған індетке қарсы екпе егу Көкшетау қаласында №1 қалалық емханада, облыстық аурухана жанындағы емхана мен орталық емханада жүзеге асырылуда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше Ақмола облысына «Спутник V» вакцинасының 1300 данасы жеткізілді. Дәрілер қазір «СҚ Фармацияның» арнайы қоймаларында сақталуда. Облыста екпе жасайтын арнайы 24 орын жабдықталған. Сонымен қатар вакцина егетін 1104 медициналық қызметкерлер арнайы дайындық оқуынан өткен. Олардың 273-і дәрігерлер болса, 831-і мейірбикелер болып қызмет етеді. Өңірде алғашқы вакцина егу жұмыстары Бурабай, Зеренді аудандарында басталмақ.

– Облысқа 1300 дана вакцина жеткізілді. Арнайы тізім жасалып, алғашқы лекпен ертеңнен бастап 200 медицина қызметкерлері вакцина қабылдайды. Тізімді барлық жағдайларды қарастыра отырып жасадық. Олар қандай емханада екпе қабылдайтынын біледі. Емханаға келіп дене қызуын өлшеп, қолдарын антисептикпен өңдегеннен кейін дәрігердің қабылдауында болып, бәрі жақсы болса екпені қабылдайды, – дейді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.

Ресейде бір тәулікте 10 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

АҚШ-та бір тәулікте 2,9 миллион вакцина салынды

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған Нариман Сыздықовты әңгімеге тарттық.

– Өзімді өте жақсы сезініп отырмын. Қысымды тексеріп көрді. Бәрі жақсы. Мынадай пейдж берді, онымен жарты сағат ішінде стационар бекетінде бақылаудан өтуге тиіспіз. Бәрі күткендегідей реакция болды. Аздап басым айналғандай, әлсіздік басқандай болды. Бірақ бәрі қалыпты. Үш күнге дейін шомылуға, алкогольдік сусындарды қолдануға болмайды. Екпе егілгеннен кейін үш күн дәрігердің бақылауында боламын, – дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов.

Ведомство мәліметінше алғашқы кезекте инфекциялық аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, жансақтау, қабылдау бөлмелерінің, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылады. COVID-19-ға қарсы «Спутник V» вакцинасы минус 18 градуста сақталады. Осыған сәйкес өңірде 4 мұзатқыш камера жабдықталған. Қажет болған жағдайда диапазоны минус 43 градусқа жетеді. Мұздатқыштардың жалпы сыйымдылығы 1,96 текше метрді құрайды. Бұдан бөлек, аймаққа жақын арада 37 мұздатқыш камера, 61 белсенді термо контейнерлер, 101 дана мұздатқыш элементтерін сатып алу жоспарланған. Облыстан аудан орталықтарына «Спутник V» вакциналары арнайы термо контейнерлерде жеткізілмек.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы

 
Тегтер: Ақмолавакцинакоронавирус
Алдыңғы жаңалық

Тоқаев Садыр Жапаровпен қырғыз халқының жағдайын талқылады

Келесі жаңалық

Көкшетауда 8 мектеп карантинге жабылды

Ұқсас жаңалықтар

Қостанай
Жаңалықтар

Қостанайда адам өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Наурыз 8, 2021
Галышева
Жаңалықтар

Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды

Наурыз 8, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Наурыз 8, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолы жабылды

Наурыз 8, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда адам өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Наурыз 8, 17:34

Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды

Наурыз 8, 16:59

Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Наурыз 8, 16:22

Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолы жабылды

Наурыз 8, 15:47

«Барселона» футбол клубының президенті ауысты

Наурыз 8, 15:34

Онколог дәрігер: Сүрленген шұжық темекіден де қауіпті

Наурыз 8, 14:42

COVID-19: үш облыс пен екі қала «сары аймақта» тұр

Наурыз 8, 13:59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қостанай

Қостанайда адам өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Наурыз 8, 2021
Галышева

Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды

Наурыз 8, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»