Көкшетау қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Ысқақовтың айтуынша, мектепте коронавирус дерегі анықталса, екі апталық карантин жарияланады.
«Мектептерде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін талап күшейтілді. Осындай мақсатта бейсенбі-жұма күндері қаладағы 8 мектеп карантинге жабылды. Бұл №2, 18, 3, 12, 8 орта мектептер, №2 Краснояр орта мектебі, Mega intellectual жекеменшік мектебі және Білім-инновация лицейі», – деді Қанат Ысқақов.
Көкшетау мектептерінде коронавирустың жаппайы таралуы тіркелген жоқ. Ауырып қалған қызметкерлер ем қабылдап жатыр.