Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Козловқа күн көрсетпей жатыр

Ақмола облысына белгілі кәсіпкерлердің бірі, меценат «Азия Агрохим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Борис Козловтың кеңсесіне экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тінту жүргізді. Бұл туралы кәсіпкердің өзі мәлім етті, – деп хабарлайды «Айқын» республикалық газетінің тілшісі.

"Айқын" ақпарат
Ақпан 1, 2021
Жаңалықтар, Әлеумет
Көкшетау, астық, Борис Козлов
1.8k
қаралым

Кеңсені тінту Көкшетау қаласында Абай көшесінде орналасқан бизнес-орталықта 29 қаңтар күні түнде болған.

Бірнеше жігіт кеңседен қапқа оралған заттар мен компьютерлерді көтеріп шыққан. Оларды осы бизнес орталығында кеңселері орналасқан Trustchem chemical, «Азия Агрохим» және «Агрофирма «Берекет-2050» қызметкерлері үрпиіп шығарып салыпты. Оқиға орнына кәсіпкер Борис Козлов та жеткен. Оның фирмасы егін егетін пестицидтер шығарады. Зеренді ауданы әкімдігі Борис Козловты тарихи мұраларды көздің қарашығындай сақтап, рухани құндылықтарды дәріптейтінін айтып отыр. Уәли ханның қараусыз қалған моласын қоршап, белгі орнатқан.

Осы оқиға бойынша облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ақылбек Смағұлов кәсіпкер жайлы өз пікірін білдірді.

«Мемлекет іс жүзінде әр кәсіпкердің құқын қорғауы тиіс. Салық пен жалақыны уақытылы төлеп отыр. Халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап отырған кәсіпкердің де мүддесі заң бойынша қорғалуы керек. Ал іс жүзінде не болды? Кез келген құқық қорғау органы қылмыстық кодекске сүйеніп, қылмыстық құқықбұзушылық туралы фактіні дереу тіркеп, сотқа дейінгі тергеуге алып, кәсіпкерді барынша қуғындай бастайды. Ал бұл жерде қылмыстық іс жүргізу кодексі 2017 жылы қабылданған мамандандырылған ауданаралық сотының заңды күшіне енген шешіміне  қарама-қайшы келеді. Ал заң күшіне енген сот шешімі оның қатысушылары үшін бірдей екені конституциялық «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі» туралы заңда көрсетілген, – дейді Ақылбек Смағұлов.

Ал кәсіпкер Борис Козлов Мемлекет басшысынан араша сұрайтынын айтты.

Өрттен алты жасар баласын құтқарамын деп әкесі де қайтыс болды

Көкшетауда 12 жасар кәсіпкер майтабан балаларға көмектесіп жүр

«Ойын алаңына үй салына ма?» – Aikyn.kz жазған мәселеге Көкшетау әкімдігі жауап берді

«Үш жылдан астам уақыт ақша қарызы бар компанияларды рейдерлер еткісі келеді. Біз объективті тергеу жүргізуін өтінеміз. Егер мен кінәлі болсам, өз қателіктерім үшін жауап беремін. Бірақ менде бәрі заңды. Барлығы құжаттар дұрыс. Тәулік ішінде менің кеңсемді тінту жүргізгені ақылға сыймайтын дүние», – дейді Борис Козлов.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры да жедел тергеу іс жүзінде шектен шығып, құрылтайшы, оның туған-туысы мен қызметкерлерінің үйінде жүргізіліп жатқанын айтты. Ал құрылтайшының жауапкершілігі тек оның жарғылық капиталы мен заңды тұлғаның мүлкімен шектелуі тиіс екенін атап өтті.

«Бұл туралы еліміздің азаматтық кодексінде, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заңда да жазылған. Біз бұл мәселені Бас прокуратура мен Ақмола облысының прокуратурасына қалдырмақпыз. Сотқа дейінгі тергеуді жоғарыдан бақылайтын қызметкелер тиісті құқықтық бағасын береді деген сенімдемін. Кәсіпкер Борис Козлов та үміттеніп отыр, – дейді Ақылбек Смағұлов.

Облыстың кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта да қылмыстық тергеуге алынған кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыруға бекініп отыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

 
Тегтер: астықБорис КозловКөкшетау
Алдыңғы жаңалық

Нұр-Сұлтан әкімдігі 250 түп талдың кесілу себебін түсіндірді

Келесі жаңалық

Қазақстанда жүргізуші куәлігін көрсету міндетті емес – Президент заңға қол қойды

Ұқсас жаңалықтар

жәрдемақы
Әлеумет

Жәрдемақы бала жасына байланысты ма?

Ақпан 27, 2021
азаматтық қоғам
Әлеумет

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 2021
Тәуелсіздік
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

Ақпан 27, 2021
құқық қорғау
Әлеумет

Құқық қорғау органдарына сенім азайды

Ақпан 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жәрдемақы бала жасына байланысты ма?

Ақпан 27, 08:00

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 07:40

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

Ақпан 27, 07:20

Құқық қорғау органдарына сенім азайды

Ақпан 27, 07:00

Алпауыт компания айыппұл төледі

Ақпан 27, 06:40

Қазығұртта жүргіншілер көпірі жаңартылды

Ақпан 27, 06:20

Белсенділер марапатталды

Ақпан 27, 06:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жәрдемақы

Жәрдемақы бала жасына байланысты ма?

Ақпан 27, 2021
азаматтық қоғам

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»