«Қазпоштаға» пандустың жоқтығынан еңбектеп кірген ер адамның видеосы тарады
«Қазпоштаға» пандустың жоқтығынан еңбектеп кірген ер адамның видеосы тарады
130
оқылды

«Қазпошта» ғимаратына кіру үшін еңбектеп бара жатқан аяғы жоқ ер адамның видеосы көпшіліктің ызасын келтірді.

Видео Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы Пришахтинскінің 22-ықшамауданында түсірілген.

Видеода: «Мүгедектер мен қарттар үйінде тұрамын. Аliexpress-тен тапсырыспен зат аламын. Бес жылда бәрі жақсы еді. Бірақ қазір пошта бөлімшесі сенімхат болса да, әлеуметтік қызметкерге сәлемдеме бермейді. Сондықтан «Қазпоштаға» өзім барамын», – дейді.

«Қазпошта» мән-жайды анықтауға уәде берді.