Үндістанда ер адам үйлену тойының алдында қарындасын атып өлтірді
Үндістанда ер адам үйлену тойының алдында қарындасын атып өлтірді
116
оқылды

Ер адам сүйіктісімен түскен суреттерін жариялаған қарындасын атып өлтірді. Бұл жайында жергілікті TV9 телеарнасы хабарлады.

Бір күннен кейін қыз тұрмысқа шығып, тойы болуы керек еді. Оқиға Уттар-Прадеш штатының Мерат қаласында болды. Мереке қарсаңында бірнеше жыл бойы қарым-қатынаста болған қыздың жігіті өздерінің бірге түскен суреттерін жариялап, туыстарына жібереді. Сол суреттерді көрген қалыңдықтың ағасы ашуланып, досынан мылтық алып, қарындасын атып тастады. Тәртіп сақшылары ер адамды қамауға алды. Ол қылмысын мойындады.