Шығыс Қазақстан облысында 5 ауданды су басуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысында 5 ауданды су басуы мүмкін
100
оқылды

Күн райы күрт жылынса, шығыста бес ауданды су басуы мүмкін.

Бұл – Катонқарағай, Алтай, Көкпекті, Шемонаиха және Риддер секілді таулы өңірлер. Бір ғана Алтай ауданында Бұқтырма өзенін жағалай қоныстанған 10-нан аса ауыл бар. 2018 жылы осы ауылдың көбін су басқан. Сондықтан биыл ауданда су тасқынына дайындық жұмыстары ерте басталды. Күзден бері бірнеше ауылда арықтар тазаланып жатыр. Қар ерігенде су жайылуы мүмкін деген өзендердің жағасын биіктету жұмыстары да жүргізілді. Бүгінге дейін мұнда 8 мың тоннаға жуық инертті материал дайындалған.

– Техникалық-материалдық жабдықтауды да нығайтып жатырмыз. Аудандағы ауыр техникасы бар шаруашылықтар және кәсіпорындармен келісімшартқа отырдық. Бүгінге дейін ауданда тасқынға төтеп беретіндей тосқауыл жұмыстарын күшейтуге облыс бюджетінен 96 миллион теңге бөлінді, – дейді Алтай ауданы әкімінің кеңесшісі Николай Игнашин.