Қазақстанда Covid-19-ға қарсы вакциналаудың тиімділігі төмендеуі мүмкін. Өйткені бастапқыда қазақстандықтарға Ресейдің «Спутник-V» вакцинасы егіледі. Тек кейін отандық екпені айналымға кіргізу жоспарланған.
Медицина ғылымдарының докторының пікірінше, вакциналау ерікті түрде өтпеу керек. Себебі, мұндай тәсіл халыққа ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға кедергі келтіреді дейді.– Вакцина жасау өндірісі бірнеше кезеңнен тұрады. Оны жасағаннан кейін өндіріс сериясын қадағалау керек. Мұның барлығы уақытты талап етеді. Ал бірінші және екінші екпенің арасы – 21 күн. Осы тұста егер бірінші инъекцияға ресейлік «Спутник V» вакцинасын, ал екіншісіне қазақстандық QazCovid-in пайдалансақ, жалпы вакциналаудың тиімділігі жоғары болады деп ойлаймын. Себебі, екеуінің негізгі құрамы әртүрлі. Бұл коронавирусқа қарсы иммунитеттің қалыптасуына жақсы әсер етеді, – дейді иммунолог, медицина ғылымдарының докторы Борис Каральник.