Таразда той кортежі тыйылмай тұр
Таразда той кортежі тыйылмай тұр
106
оқылды

Биыл 27 қаңтар күні Тараз қаласы көшелерімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып бара жатқан той кортежі туралы бейнежазба тараған болатын. Әлеуметтік желіде желдей ескен видеоға қатысты бұқара арасында түрлі пікір айтылып, әлемдік пандемия жағдайында бей-берекет жүрген жастардың қылығы сынға алынған.

Осыған байланысты облыстық Полиция департаменті  Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп, 5 жүргізушіні жауапқа тартты. Оларға бас-аяғы 15 хаттама толтырылды. [embed]https://youtu.be/9iyAzHa5ZzA[/embed] «Rolls-Royce Phantom»  автокөлігінің жүргізушісіне қатысты  Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі) және міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі) екі хаттама жазылды.

«ВАЗ-2114»  автомобилінің жүргізушісі  болса,  ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі бойынша (жол жүрісі қағидаларының қозғалыс, қайта бұрылу, бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі бойынша (мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«LADA PRIORA» маркалы көлік құралының жүргізушісі де  апаттық жағдай жасау (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі),  қозғалыс барысында бұрылыс жарығын  қоспау (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі) және жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен ұйғарылған талаптарды сақтамау (ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі) бойынша жазасын арқалады. «Mercedes-Benz 300»  жүргізушісіне  бірден 4 хаттама толтырылды.  ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы 1-бөлігі бойынша (көлік құралының алдыңғы жағына қызыл түсті оттары бар жарық аспаптарын, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату), ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау), ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы 1-бөлігі бойынша (көлденең бағыттағы көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі (кептеліс) туғызуға әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту) және ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі бойынша (жол жүрісі қағидаларының қозғалыс, қайта бұрылу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтар алдында сигнал беру талаптарын орындамау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«LADA 21154-110-40»  автомашинасының жүргізушісіне қатысты  апаттық жағдай жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі), Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы), қозғалыс барысында бұрылыс жарығын  қоспау (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі) және міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі)  4 хаттама   рәсімделді.

Облыстық Полиция департаменті мамандарының айтуынша,  аталған үйлену тойы  қайда өткені  әлі анықталу үстінде екен. Алайда тәртіп сақшылары  той кортежі  құрамындағы  өзге де  жүргізушілерді  іздестіруде. Ал ең бастысы бүгінгідей әлемдік пандемия жағдайында той кортежінің Тараздың басты көшелерінде тайрандап жүргені таңғалдырады.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы