Петропавлда құны 555 600 мың теңге тұратын алқаны ломбардтан ала қашқан күдікті ұсталды.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтар күні Петропавлдағы ломбардтардың біріне жігіт келіп, салмағы 26,24 гр болатын алтын алқаны киіп көруді сұраған. Ер адам құны 555 600 теңге тұратын зергерлік бұйымды қолына алысымен қаша жөнелген.«Күдікті ұрланған алтын алқаны басқа ломбардқа өткізіп үлгеріпті. Одан кепілдеме билет алынды. Жалпы қаңтар айында өңірде 6 қарақшылық оқиғасы тіркелді. Қылмыскерлерді жылдам ұстауға бейнекамералар көмектеседі. Сондай-ақ бұл қондырғылардың қылмыстың алдын алуда да берері мол», – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.Оқиға орнына жеткен тергеушілер бейнекамераларды тексеріп, қарақшыны бірден таныды. Петропавлдың 20 жастағы тұрғыны бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотталған екен. Алқаны ұрламай тұрып та басқа қылмыс жасап, оған тәртіп сақшылары іздеу жариялаған. Жедел-тергеу барысында жігіт келесі күні таныстарының бірінің үйінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек «Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.