Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

2020 жыл: АЙМАҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕЙТИНГІ

Бізде зерттеу ұйымдары түрлі салаға қатысты рейтинг жасайды. Олардың рейтинг түзудегі өз әдістемесі бар. Ал біз экономиканы дамытуға үлес қосқан өңірлер рейтингін түзуді жөн көрдік. Рейтингке ашық деректер базасындағы мәліметтер негізге алынды.

«Айқын» ақпарат
Ақпан 1, 2021
Экономика, Жаңалықтар, Журналистік зерттеу, Қазақстан
экономика
1.5k
қаралым

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында жарияланған экономикалық көрсеткіштерді саралай келе 5 бағыт таңдалды:

  • өңірлердің мемлекеттік бюджетке құйған кірісі
  • пайдалануға берілген тұрғын үй аумағы
  • ауыл шаруашылығы саласындағы табыс
  • инвестиция көлемі
  • өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіш

МЕМЛЕКЕТ ҚАЗЫНАСЫНА КІРІС ӘКЕЛГЕН ӨҢІРЛЕР

Қаңтар айының ортасында Қаржы министрі Үкімет отырысында мемлекеттік бюджетке 9 трлн 751 млрд теңге сомасында кіріс түскенін,  жоспар  102,7%-ке атқарылғанын, ал республикалық бюджетке 6 трлн 561 млрд теңге сомасында кіріс түсіп,  жоспар 100,3%-ке орындалғанын мәлімдеді. Алайда мемлекеттік бюджетке қаржы құйған өңірлер кірісі туралы ақпарат айта алмады.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми сайтында да 2020 жылы жиналған салық туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ. Сол себепті  2020 жылдың қараша айының соңындағы бюджет кірістерін қарастыруды жөн көрдік. Біз түзген кестеде мемлекет қазынасына қаржы құюдан алғашқы үштікке Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Атырау облысы кірді.

Әлеуметтік сала депутаттар назарында

Қазақстан 30 жылда бәсекеге қабілетті елдермен терезесін теңестірді – Бауыржан Ысқақов

Үкіметтің экономиканы дамытуға арналған «Б» жоспары қандай?

Кесте соңында Мемлекеттік кірістер комитетінің түрлі кедендік алымдардан жиған кірісін де келтірдік. Себебі ол қаржы да бюджетке түседі. Алайда комитет өңірлер рейтингіне қатыстырылмайды.

Анықтама: Республикалық бюджет пен жергілікті бюджет мемлекеттік бюджетті құрайды. Республикалық бюджет пен  жергілікті бюджет салық түсімдерінен, салық емес түсімдерден және негізгі капиталды сатудан түскен кірістен жасақталады.  Мұнайдан түсетін кіріс бюджетке емес, Ұлттық қорға аударылады. 

экономика

15,3 МЛН ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙДІ КІМДЕР САЛДЫ?

Қазақстандықтар үшін өзекті мәселенің бірі – баспана.   «Өз үйім – өлең төсегім» болса  деген   тұрғындар арманын әкім-қаралар қалай орындап жүр?  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттінің Ұлттық статистика бюросының дерегінше,  2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы алаңы 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй  пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,8%-ке жоғары.

экономика

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҒА БАСҚАН АЙМАҚТАР

2020 жылы ауыл шаруашылығы 5,6% өсім көрсетті. 2019 жылы жоспар -0,1% орындалмап еді. Ал былтырғы өсім азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік берді. Өсімдік шаруашылығы 7,8%, мал шаруашылығы  3%-ке өсті. Қостанай мен Ақмола облыстары жоғары өсім көрсетсе, Маңғыстау  мен Батыс Қазақстан  облыстарында төмендеу тіркелді.

Ескерту: бұл рейтингте Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары қатыстырылған жоқ.

экономика

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА ИКЕМДІ ӨҢІРДІ БІЛЕСІЗ БЕ?

Ұлттық экономика министрлігінің дерегіне сүйенсек, былтыр өңірлердің көбінде жоғары инвестициялық белсенділік байқалды. 12 өңірде инвестиция өсті, оның ішінде 5 аймақта 20%-тен 60%-ке дейін өсу тіркелді. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан (59,4%-ке) облысы мен Шымкент қаласында (40,9%-ке) байқалды. 5 өңірде көрсеткіш төмендеген.

Тұтастай алғанда, негізгі капиталға 12,3 трлн  теңге инвестиция тартылды. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда инвестиция 14,8%-ке өсті.

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ӨРЛЕТКЕНДЕР  

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 12 аймақта былтыр жоспар орындалып, соның есебінен бұл саладағы өсім 3,9% құрады. Өндіріс Қостанай, Ақмола  және Солтүстік Қазақстан облыстарында артқан. Ал 4 өңірде көрсеткіш төмендеген.

ҚОРЫТЫНДЫ: АҚМОЛА ӨҢІРІ АЛҒА ШЫҚТЫ.

АЛМАТЫ МЕН НҰР-СҰЛТАН ШЕ?

Жоғарыда 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланы қосқанда 17 өңірдің жұмысы сарапталды. Өңірлердің 5 бағыт бойынша атқарған жұмысына 1-17 аралығында ұпай қойылды. Мысалы, бір бағытта көш бастаған өңірге 17 ұпай, екінші орындағы өңірге 16 ұпай, сәйкесінше аутсайдер өңірге 1 ұпай берілді. Әр өңірдің 5 бағыт бойынша жиған ұпайын қосып, рейтинг қорытындысы шығарылды.

Сонымен…

2020 жылы біз атаған 5 бағыт бойынша Ақмола облысы үздік өңір атанды. Ол 5 бағыт бойынша 58 ұпаймен алға шықты. Екінші орынға 57 ұпай жинаған  Нұр-Сұлтан қаласы жайғасты. Ал үшінші орынды 55 ұпайы бар Қарағанды мен Қостанай облыстары бөлісті.

Қызылорда облысы, өкінішке қарай аутсайдер өңір атанды. Президент апта бұрын өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет жетекшісіне дәл осы Қызылорда облысына қамқорлық жасауды жүктеген еді. Бекер емес екен.

Дайындаған Халима Бұқарқызы

 
Тегтер: 2020 жылҚаржы министрлігімемлекеттік кірістер комитетістратегияҰлттық экономика министрлігіэкономика
Алдыңғы жаңалық

Роза Рымбаеваның зейнетақысы – 200 доллар

Келесі жаңалық

Екі көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға түсті

Ұқсас жаңалықтар

азаматтық қоғам
Әлеумет

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 2021
Тәуелсіздік
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

Ақпан 27, 2021
құқық қорғау
Әлеумет

Құқық қорғау органдарына сенім азайды

Ақпан 27, 2021
айыппұл
Әлеумет

Алпауыт компания айыппұл төледі

Ақпан 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 07:40

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

Ақпан 27, 07:20

Құқық қорғау органдарына сенім азайды

Ақпан 27, 07:00

Алпауыт компания айыппұл төледі

Ақпан 27, 06:40

Қазығұртта жүргіншілер көпірі жаңартылды

Ақпан 27, 06:20

Белсенділер марапатталды

Ақпан 27, 06:00

Әлеуметтік сала депутаттар назарында

Ақпан 27, 05:40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

азаматтық қоғам

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ақпан 27, 2021
Тәуелсіздік

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

Ақпан 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»